Мектеп туралы

Басты бет

- Поэзия -

 

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің «Поэзия» үйірмесі 2005-2006 оқу жылынан бері жұмыс жасап келеді. Үйірме жетекшісі – Салимова Ляззат Нариманқызы. Үйірме екі тілде қатар жүргізіледі. Үйірмеге 5 сынып оқушыларынан бастап поэзияға қабілеті бар оқушылар таңдалып алынады. Үйірменің ашылғанына көп болмаса да, бірнеше айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерді. Бірнеше дарынды оқушыларды тәрбиелеп, болашақта сол мамандықты таңдауларына себепкер болды.

Жалпы айтар болсақ оқушылар «Пушкин оқулары», «Абай оқулары» секілді байқаулардан үнемі жүлдегер атанады. Атап айтар болсақ 201-2012 оқу жылының өзінде «Мемлекеттік тіл – өз тілім» атты облыстық олимпиадада 11 сынып оқушылары Данагүл Кримова мен Мария Чекаевалар ІІІ орынға ие болды. «Жарқын болашақ» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша аймақтық олимпиада жүлдегерлері болып Ермек Райымбек, Мария Чекаева, Әсемгүл Шерниязова, Мөлдір Мұхтарова және Нарғыз Сүлейменовалар атанды. «Тәуелсіздігім – тірегім» атты эссе жазу байқауында 8 сынып оқушысы Саматова Гүлдария ІІ орынға ие болса, «Ана тілім – айбыным» мәнерлеп оқу сайысында 3 сынып оқушысы Марина Серікқалиева ІІІ орынға ие болды.

 

 

  Мектеп тынысы

  Бізбен байланыс

  Мемлекеттік сатып алу

 

 

 
 
 
 

 

 

 

 

                                                                           E-mail: moldashev_sosh@mail.ru

 

Используются технологии uCoz