Мектеп туралы

Басты бет

- Мектеп тарихы -

 

Мектеп ең алғаш рет 1930 жылы 7 жылдық орыс жєне бастауыш қазақ сыныптары бойынша білім беретін білім ордасы болып ашылған. Кейіннен 1934 жылы қазақ тілінде оқытатын 7 жылдық мектеп, ал 1968 жылдан бастап Фурманов ауданы бойынша орыс жєне қазақ сыныптары бар алғашқы орта мектеп болып ашылды.

1974 жылы мектеп жаңа үлгідегі ғимаратқа көшіріліп, аралас тілдер оқытатын білім шаңырағы ретінде берді.

Мектептің естелік беттерінің айрықша кезеңінің бірі 1993 жыл болды. Бұл жылы мектебімізге Фурманов аудандық атқару комитетінің аудандық халық депутаттары шешімімен 1945 – 1953 жылдыр аралығында мектеп директоры қызметін атқарған, «Қазақ ССР-нің Еңбегі сіңген мұғалімі», «Қазақ ССР-нің Білім беру үздігі» иегері Ғ.Молдашев аты берілді.

Ғинаят Молдашев 1908 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының Жиенқұм ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын осы ауылда Қосшы одағының хатшылық жұмысынан бастады.

1933 жылы Сламихин педагогикалық техникумын бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімі деген мамандық алды. Техникумда сырттай оқи жүріп, 1930 жылдан бастап Фурманов  бастауыш мектебінде оқытушы болып істеді. 1935 жылдан 1937 жылға дейін Фурманов педагогикалық училищесінде мұғалім болды. 1937-1941 жылдары Фурманов орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Педагогтық жұмысты атқара жүріп сырттай оқып, 1940 жылы Оралдағы А.С .Пушкин атындағы педагогикалық институттың Қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп шықты. 1941 жылы қарашадан, 1942 жылдың тамызына дейін Жаңақала аудандық оқу бµлімінің меңгерушісі болып істеді. 1942 жылы тамыз айында армияға шақырылып, Ұлы Отан соғысы біткенге дейін 1- Украина майданында батарея командирі болып Отан үшін ұрысқа қатысты. Майдандағы ерен еңбегі үшін бірнеше ордендері мен  медальдармен марапатталды. 1945 жылы қыркүйек айында елге жеңіспен оралған офицер Фурманов орта мектебінің директоры болып тағайындалды.

Бұл жұмысты сегіз жыл істегеннен кейін 1953 жылы ақпан айында ғинаят Молдашев Батыс Қазақстан облыстық оқу бµлімінің меңгерушілігне жоғарлатылды. Ауыр науқасқа үшырағаннан кейін   Ғинаят Молдашев өмірінің соңғы жылдарында республикалық дербес пенсионер  болды. Ұзаққа созылған ауыр науқастан 1986 жылы дүние салды.

Ғинаят Молдашев оқу - ағарту ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының мектебінде еңбегі сіңірген мұғалім. Жалпақтал орта мектебінің тарихы Ғинаят Молдашевтың үлесімен тығыз байланысты. Өйткені, ол өзінің бар саналы өмірін осы мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға арнады. Ғинаят Молдашев істеген  кезде бұл мектепте мың жарымдай бала оқыды, сексен мұғалім жұмыс жасады. Ауданның барлық колхоз, совхоздарынан келіп, мектеп жанындағы интернатта жатып тәрбиеленген оқушыларда көп болды.

Соғыстан кейінгі жылдары қиын – қыстау жағдайларына қарамастан коликтивтің жұмылып істеу нєтижесінде Фурманов орта мектебі облысымызда үлгілі мектептердің бірі болды.

Қазір бұл мектептердің түлектері  бүкіл  Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының барлық салаларындажемісті еңбек етіп жүр.

Олардың ішінде ел басқарған әкімде, көрнекті ұстаз ғалым да, өндірісті өркендетуші инжинер де, адам жанының арашасы дәрігер де ауыл шаруашылық мамандары көптеп саналады.

 Ғинаят Молдашев үлкен қоғам қайраткері болды, ол ауылдық аудандық, облыстық кеңестерге бірнеше рет депутат болып сайланды. Облыстық партия комитетінің мүшесі Қазақстан Комунистік  партиясының ҮІІІ сьезінің делегаты болды.  Ғинаят Молдашев ұлағатты ұстаз аса қайырымды өте білімді адамгершілігі жоғары ақ көңіл абзал азамат еді.

Халық депутаттары Жалпақтал аудандық Кеңесінің 25 маусым 1993 жылғы шешімімен Жалпақтал орта мектебіне  Ғинаят Молдашевтың есімі берілді.

1974 жылы мектепті 1705 оқушы бітірді. Мектебіміздің мақтанышы: Академик – А.Тайманов, профессор – Е.Р.Рахматуллин, вице – адмирал – Б.Г.Мулдашев, тарихшы – Ақбай Ж., мектеп директоры – Масалиев І., профессор – В.П.Козин, мектеп директоры – Ақтанов Ш., №11 лицей мектебінің директоры – Сапаров Е., БҚО әкімі – Мукаев Е., автожол телекоммуникациялар жүйесінің Министрінің орынбасары – Сагинов З.Е., самбодан әлем чемпионы – Акмалиев Қ., ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы – Қауметов Н.К., Тұран Әлем банкінің директоры – Ахметов М., Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ұстазы – Мендалиева Д., және т.б.

1953 жылдан бері алтын және күміс медальдарымен бітіргендер:

Габбасова З. Зотова Л.
Кочетова Т.     Ахметов У.
Мендалиева Д.         Козин В.
Молдашев Б.     Помощников А.
Гайсина Л.         Мамажанова Л.
Амирова Л.     Халесова Д.
 Уданова Д. Каирлиев Е.
Молдағалиева Ұ. Курмангалиева А,

Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде қазіргі уақытта 61 ұстаз еңбек етеді.

жоғары білімді - 54

жоғары санатты – 5

арнаулы орта – 7

І санатты – 21

 

ІІ санатты – 20

   
   

 

Барлық оқушы саны – 368, орыс сыныбында – 194 оқушы, қазақ сыныбында – 174 оқушы білім алады.

 

 

 

  Мектеп тынысы

  Бізбен байланыс

  Мемлекеттік сатып алу

 

 

 
 
 
 

 

 

 

 

                                                                           E-mail: moldashev_sosh@mail.ru

 

Используются технологии uCoz