Мектеп туралы

Басты бет

Мектеп басқарған ұстаздар  -

  

Фурманов мектебінің алғашқы іргетасы 1928 жылы қаланып,алғаш қазақ мектебі ашылып, жаңа құрамды педкадрлар жинақталып, 1930 жылы 7 жылдық орыс класы болып құрылды. Мектептің 4 жылдық қазақ  класы 1934 жылы ұжымдық 7 сыныптық қазақ мектебі болып ашылды. Мектептің алғашқы педагогикалық ұжымында педагог кадрлардың тапшылығы айқын сезіліп отырды. 1934-1940 жылдары Фурмановта жеделдетілген даярлық педагогикалық курстарды бітірген кадрлардың алдына қойған мақсаты елдегі жаппай сауатсыздықты жою және сауаттандыру кезінде 1000 адамға білім беру жоспар-ланып, 1936 жылы облыс бойынша білім беру саласы үздік дәрежеге көтеріліп, сауаттандыру ісінің нәтижесі көріне бастады. Фурманов мектебі орталық мек-теп болғандықтан  осы мектептен          7-сыныпты бітірген түлектер ауыл мектептері Қарасу, Карл Маркс, Краснопартизан, Теңдік, Буденный мектептеріне жеделдетілген педкурстарды бітіріп пән мұғалімдері болып тағайындалды. Олардың қатарында 2 жылдық оқытушылар дайындайтын курсты  бітіргендер Мұхамбетжанов Рахым, Айтуғанов Аманғали, Қосқалиев Сағым, Қабышев Садық, Әлмұханов Қисет, Самаркин  т.б. жас оқытушылар болса, облыстық оқу бөлімінен жіберген кадрлар Есмағұлов С, Өтешқалиев Н, Фурманов  аудандық қазақ орта мектебіне оқытушы болып тағайындалды.

         Сонымен бірге Фурманов аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Хабибуллин 12.Х 1938 жылғы №26 бұйрығымен елде педагогикалық кадрлардың жетіспеуіне байланысты Фурманов мектебінен  7 жылдық класты бітірген 35 оқушыны Фурманов педучилищесіне оқуға жіберіп, жеделдеттірілген кадрлар даярлау курсына оқытып алдырады. Олар:  Айтуғанов А, Нұғманов Е, Сұлтанов Қ, Мырзатаев, Мералиев, Газизов, Мұхамбетжанов, Оразаева М, Сапаров Қ, Төреғалиев С, Молдағалиева С, Тұрдалиев Н,  Қабдошев,  Мұхтаров Н, Сұлтанов, Қарекенов С, Сапарғалиев т.б бітіргеннен кейін аудан көлеміндегі шағын мектептерге мұғалім болып тағайындалып, оқу тәрбие ісінің жандануына үлес қосып, мектеп басшылығы, оқу-тәрбие ісінің меңгерушілігіне дейін жоғарлап, барлық сапалы ғұмырларын мектеп өміріне арнаған жандар. Олардың арасында кейбіреулері соғысқа аттанып, оралмағандары да бар.

         Соғыс уақытында 1941 жылы Фурманов аудандық халыққа білім беру бөлімі Фурманов аудандық оқу бөлімі болып өзгертіліп, оқу бөлімінің меңгерушілігіне 17.ІІ.1941 жылы Жалмұханов тағайындалды.

         Елдегі өзге ұлт өкілдері балаларымен қатар қазақ балаларын да орысша білім алып,сауаттандыру жұмыстары үлкен мәселе болып туындап, 1941ж 27.ІІ.30 № 26 бұйрықпен орыс  тілінен сабақ беретін мұғалімдер қатарына жаңа кадрлар келіп қосылды. Оларды Фурманов жетіжылдық мектебімен қатар Буденный, Краснопартизан, Жұлдыз,  Карл Маркс, Сталин ауылындағы мектептерге бөліп тастады. Олардың қатарында  Мырзағалиев Қ Жанболатов Қ, Зинешовтар болды. Сол кезеңдер  соғыстың әсерімен әрлі-берлі Саратов, Алғай, Орынбордан келген орыс тілді қазақтарды, орыс ұлтының өкілдері, оқыған азаматтары да орыс тілін оқытуға оқытушы етіп тағайындалып, мұғалімдік қызмет атқарған адамдар да кездесті.

         Сол кездегі педагогикалық ұжымның әлеуметтік  шығу тегіне аса  зор мән берілді. Шаруа, кедей отбасынан шыққан  азаматтарға көңіл бөлінді. Олардың  арнаулы, жоғары оқу орындарында оқығандары ерекшеленіп бағаланып отырды.  Сол жылдары Фурманов оқу бөлімінің №38 бұйрығымен еңбекші халық пен жұмысшы, колхоз және совхоздардың  ауылшаруашылық жұмыстарына араласудағы  белсенділіктерін арттырып, жастардың оқуы мен тәрбие жұмыстарында советтік патриотизмге  баулу ісін жүзеге асырған Молдашев, Гайсин, Амиров, Сейтқалиева, Әбілқасымов, Ихласова, Панкратова. Сұлтанов, Есетов, Габдуллиндерге алғыс жарияланған. 1940 жылдары Фурманов орта мектебінің директоры Т.Текеевтің басқарған уақытына сәйкес  келетін соғыс жылдарындағы ер мұғалімдердің  жетіспеушілігі айқын сезілді. Майданға кеткендердің орнын жасөспірім 7 бітірген жігіттер мен қыздар басты.

         Фурманов қазақ орта мектебінің директоры 1941 жылы әскери жастағылардың  оқытуына байланысты уақытша Ғ.Молдашев директор қызметін атқарды.   1941 жылы Т Текеевті  аудандық  оқу бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындап, оның орнына аудандық атқару комитетінің бұйрығымен Д.Арыстанғалиев директор болып тағайындалды. Ал Фурманов қазақ орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі етіп 1943 жылы Ж.Өтеуовті тағайындады.

       1943 жылы  қазақ мектептерінің  жағдайын көтеру мақсатында Райкомның шешімімен  Текеевті Фурманов қазақ мектебінің директоры етіп қайта тағайындайды, ал сол мектептің директоры Балмухановты қызметінен босатады.

      Соғыс кезіндегі елге қайтқан жауынгерлердің денсаулығы мен жұмысқа қабілетіне қарай қызметке орналастыру  әрі мектептегі алғашқы әскери дайындықтарды  жақсы жолға қою мақсатында әр мектепте  жаңа тағайындаушылардың қатарында кіші лейтенант Қуанышев Өтегенді 1944 жылы РОНО-ның №131 бұйрығымен  орыс жеті жылдық мектебінің әскери жетекшісі етіп тағайындады. Сол жылдарда РОНО-ның меңгерушісі қызметін Сдыков басқарған еді. Соғыс жылдарында педагогикалық ұжым толықтырылып, өзгеріп отырды.

         1945 жылы Жеңістен кейін елдегі шаруашылықты қайта қалпына келтіру, білім саласын қайта жандандыру кезеңі өтіп,Фурманов қазақ және орыс орта мектептерінің педагогикалық құрамы жоғардағыдай болып құралды.

        Ғ.Молдашев Фурманов орта мектебін басқарған 1945-1953 жылдарда мектеп жанындағы интернаттарда  мектеп жоқ немесе алыс ауылдардан, қыстақтардан малшы еңбеккерлердің  балалары тегін  жатып тамақтанып әрі киіммен қамтамасыз етіліп,алаңсыз оқуларына бар мүмкіндіктер жасалды. Осы кезеңдерде ата-аналар мен үздік оқитын оқушылар мадақталып, алғыс жарияланып отырғанБұл шара Ж. Ақбаев басшылық жасаған кезде де өз жалғасын тауып отырды.Ж. Ақбаевтың Ғ. Молдашевті аға ұстаз тұтып,үлгі өнеге алуы өзінің 2000 жылғы «Мағишат» жинағында келтіргендей,  тынымсыз еңбегінің,қажырлы қайратының ұрпақ тәрбиелеудегі ерен ісінен көрініп,  тарих пәні мұғалімінен аудандық білім бөлімінің мектеп инспекторы қызметіне дейін көтерілуі №191,$2(1951 жылы 8:12) бұйрығымен РОНО меңгерушісі Молдабаевтың тағайындауы  қолынан іс келетін азамат ретінде тануы еді. 1953 жылы Фурманов орта мектеп директоры 1955 ж 11.04 №27 бұйрықпен аудандық білім беру меңгерушілігіне жоғарлатылып,оның орнына Қабиев Ораз тағайындалды.

         Мектеп директоры Ж.Ақбаевтың 1953 жылдың 12.ХІІ бастап №53 бұйрығымен сабақ таңертеңгі 8-00 ден басталуы, оқушы санының көбейіп, ІІ ауысымда оқытылуы сынып бөлмесінің жетіспеуіне байланысты еді.

         1954 жылы мектеп директоры Ж.Ақбаевтың ұсынысымен  және жетекшілігімен  бұрынғы мектеп паспорты қайта толтырылып, жасақталды. Комиссия құрамын 5 адамнан сайлап, Сдыковтың жетекшілігімен жаңа құжат жасалды. Сол кезеңдерде жемісті еңбектерін көрсетіп жүрген ұстаздар, әйел жолдастардың,  ата-аналардың еңбектері бағаланып, марапатталып, «Алғыс хаттар»  табысталып отырды.

         1956 жылдары Фурманов мектебінің оқу -тәрбие жұмыстарына күш салған мектеп директоры  Ж.Ақбаев мұғалім кадрларының облыс, республика  көлемінде  іс-сапарларға шығып, әдістемелік іс-тәжірибе алмасу шараларына қатыстырып мектепшілік үйірмелер  мен қосымша қоғамдық курстар ашты.

         Облыстық оқу бөлімінің шешімімен  мектептің ісін жандандырып, алға басуына еңбегі сіңген Ж Ақбаевты 1960 жылғы Алматы қаласындағы мұғалімдер сьезіне делегат етіп жібереді.

         Фурманов орта мектебінің педагогикалық кадрлары жыл сайын толығып, алдыңғы қатарлы  мектептер қатарында көрініп  жетістіктерге жетіп отырды. Білім сапасы артып, облыс көлемінде атаулы мектептер қатарында.     

         1964-74 жылдары І.Масалиев тағайындалды.

         1974 жылы Фурманов орта мектебі жаңа салынған үш қабатты ғимаратқа көшуіне байланысты жаңа пән кабинеттері жабдықталды.

1974-86 жылдары Ш.Ақтанов тағайындалды. Шадияр Ахтанұлы басшылық ету кезінде мектептің материалдық-техникалық базасы нығайып, мектепте автомобиль ісіне оқыту қолға алынды.  Мектеп оқушылары  пән  олимпиадаларында, облыс, республика көлеміндегі спорт додаларында, «Орленок», «Зарница» жарыстарында  намысты қолдан бермеді. Мектеп басшысы өзі спортшы бола жүріп, мектептегі спорттық жұмыстарды жақсартты.

1986-87 жылдары  мектеп басшылығына А.С.Имашев тағайындалды.

1987-2002 жылдары мектеп басшы-лығына Б.Б.Ахметов тағайындалды.

Болат Бақтығалиұлы Фурманов орта мектебінде басшылық ету қызметі кезінде оқу мен тәрбие үрдісін шебер ұштастыра жүріп, басшы болумен қатар сол кездегі педагогикалық ұжым мен шәкірттерді заман ағымына бағыттай білді. Бүгінде өз мектебінде физика пәні мұғалімі қызметінде жүріп саналы шәкірт тәрбиелеуде.

Ахметов Болат Бақтығалиұлы – ұстаздық етуден жалықпаған мәртебелі жан. Өз пәнін жете меңгерген ұстаздық талғамы мен талабы ізденіс пен өмірлік оқу нәтижесінде өз жемісін беріп келеді. Оқушы қабілетіне қарай жұмыс түрлерінің сан қырын аша білген Болат Бақтығалиұлы әр сабағын түрлі әдіс-тәсілдермен, оқушының өзін іздендіріп, ойлау, есте сақтау қабілеттеріне сай дағдыларды қалыптастыра біледі..

Көп жылғы қажырлы еңбегінің арқасында Болат Бақтығалиұлы мынадай марапаттарға ие болған:

1994 жылы – Білім және ғылым министрлік мақтау грамотасымен, 1998, 2004, 2007 жылдары «Облыстық Білім беру бөлімінің» грамотасымен.

Облыстық білім басқаримасының «Құрмет тақтасында» портреті ілулі.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Фурманов аудандық атқару комитетінің халықтар депутаты кеңесінің шешімімен 1993 жылы  «Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мұғалімі», «Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі» белгілерінің иегері 1945-1953 жылдар араларында осы мектеп директоры болған Ғинаят Молдашевтың есімі берілді.

        Жаңа заман талаптары мен міндеттеріне  сай 80 жылдық тарихы бар іргелі мектеп уақытында осы мектепті ұзақ жыл басқарушы, оқу-ағарту ісінің үздігі, белгілі ардагер ұстаз Ғинаят Молдашев есімімен 1993 жылы аталып, орта жалпы білім беретін білім- ордасы жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа үрдісте жаңашыл білім берудің өзіндік бағытын ұстанып келе жатқан даму жолындағы жаңашыл мектеп.

         2002-2010 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Ә.Н.Жақсыбаева абыройлы атқара білді. 

         Білім заңын негізге ала отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларында көрсетілген айқын бағыттарды ұстанып, «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі-білімде» - деп көрсеткеніндей, «Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, өзін-өзі жүзеге асыра алатын жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру» - атты өзекті ұстаныммен білім беру мен жаңа үрдістік біліктілік негізінде үлгілі ұжымның ұйымшылдықпен еңбек етіп, жаңа жетістіктерге жетуіне зор ықпалын тигізіп отыр.

         Мектебімізде 66 ұстаз еңбек етіп отырса, оның 5-уі жоғары санатты, 20-сы І санатты, 20-сы ІІ санатты және 21-і әртүрлі разрядтардағы ұстаздардың 55-і жоғары білімді, 11-і арнаулы орта білімді, жалпы мұғалімдер біліктілігі бойынша 40% сапаны құрайды.

         Мектебімізде «Озат тәжірибе мектебі», «Жас ұстаздар мектебі», «Шамшырақ» шығармашылық топтармен қатар 8 әдістемелік пән бірлестіктері, 13 пән кабинеттері, 30 сынып, түзету-жетілдіру сыныптары, кітапхана, акт залы, спорт залы, асхана жүйелі жұмыстануға, оқушылардың сапалы білім алуына сонымен бірге мұғалімдеріміздің шығармашылық дамуына жол ашып отыр.

         Әлемдік білім беру жүйесі білімді ұрпақты тәрбиелеп оқытуда жаңа бағытта дамып, тың ізденістерді талап етеді. «Жақсы ұстаз-жарқырай жанған шамшырақ»,- дегендей,  ұстаздар білігінің шыңдалуы, олардың шығармашылық дамуы, озат іс-тәжірибелерінің анықталуы, аудан, облыс көлемінде танымал болуы мектебіміздің озық жақтарын көрсетуде.      

         2005-2006 оқу жылында мектебіміздің 47 оқушы бітіріп, оның  41-і Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысуға өтініш білдіріп, өз білім көрсеткіштерін нәтижелі көрсетіп, 16 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, орташа балдарын 62-ге жеткізсе, 2006-2007 оқу жылында 46 оқушы бітіріп, оның 17-сі мемлекеттік грант иегері атанып, орташа балл 71,4-ке жетті. Бұл оқу жылында «Алтын белгіге» ұсынылған үш оқу озаты да: Халесова Дилбара, Уданова Әнел, Мамажанова Лаура ұстаздар сенімін ақтап шықты.

2007-2008 оқу жылында гуманитарлық-қоғамдық бағыт бойынша 9 оқушы, математикалық-жзаратылыстану бағыты бойынша 14 оқушы, барлығы 23 оқушы бітірсе, соның 18-і мемлекеттік грантқа ие болып, Кайрлиев Ернар Молдағалиева Ұ, Құрманғалиева А Астана, Алматы қалаларындағы айтулы жоғарғы оқу орындарында үздік грант иегерлері. Соңғы 3 жылда мектеп түлектері 100% ҰБТ-ға қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп , білім сапасының орташа балы 83 пайызға көтерілді. Соңғы 4 жылға көз жүгіртсек, мектептің алты оқушысы «Алтын белгі» иегері атанып,    92    оқушы мемлекеттік грантты иеленді.  Білім сапасына келер болсақ, 2006-2007 оқу жылында -71  пайыз, 2007-2008    оқу жылында  78 пайыз, 2008-2009 оқу жылында- 84 пайыз, 2009-2010 оқу жылында 89 пайыз көрсетті. Бұл көрсеткіш мектеп ұжымының бірлесіп жұмыс жасауының жемісі деп бағалауға болады.

80 жылдың үстінде тарихы бар мектебімізден сан мыңдаған түлектер түлеп ұшса, солардың ішінде бүгінгі күні елге, республикамызға танымал еңбек етіп, халық қалаулылары атанып, мақтанышқа айналып жүрген жандар аз емес,атап айтсақ: академик А. Тайманов, Рахметуллин Е.Р.- профессор,  тарихшы-ғалым Ақбай Ж., профессор Козин В.Л., Масалиев И., Ақтанов Ш - мектеп директорлары, Сапаров Е. –  № 11 мектеп лицей директоры. Мукаев Е – сенат депутаты, Сагинов З.С. – жол және телекоммуникация министрінің орынбасары, Акмалиев К., Чекаев Н – самбодан әлем чемпионы, Кауметов Н.К. – ҚР-ның атақты тренері, Ахметов М. – «Тұран Әлем» банкінің президенті, Мендалиева Д. – БҚАТУ-дың профессоры т.б. 1953 жылдан күні бүгінгі дейін «Алтын белгі» және «Күміс белгімен» бітірген түлектер қатары көбейді. Атап кетсек:

 
Габбасов З Помощников А
Зотова Л Егоров Л.В.
Кочетова Т Уразаева Ж
Севрючина Гайсина Л
Ахметов У Амирова Л
Мендалиева Д Халесова Д
Козин В Мамажанова Л
Молдашев Б Уданова А
Қойбағаров С Қаирлиев Е
Кочетова Г Молдагалиева У
Молдашева Г Курмангалиева А
Сламихин А.Н  

          

       «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»-деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, білім беру мен жаңа үрдістің біліктілік ұжымның ұйымшылдықпен еңбектеніп, жаңа жетістіктерге жетуге ықпалын тигізіп отыр.

 

                                                                                                                                                     

  Мектеп тынысы

  Бізбен байланыс

  Мемлекеттік

  сатып алу

 

Пайдаланылатын сайттар тізімі

http://www.ustaz.kz/

http://45minut.kz/

http://sabak.kz/

http://masterclassy.ru/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           E-mail: moldashev_sosh@mail.ru

 

Используются технологии uCoz