Мектеп туралы

Басты бет

Қара шаңырақтан ұшқан түлектер  -

 

Тайманов Асан Дабысұлы (1917-1990) - математик-ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Оқу ағарту ісінің үздігі.

Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), В.Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген.

1936-1938 жылдары - Орал педагогикалық институты кафедрасының ассистенті. 1938-1941, 1945-1947 жылдары - Мәскеу педагогикалық институтының аспиранты. 1947-1954 жылдары - Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 1954-1956 жылдары Шуя институтының доценті. 1956-1960 - жылдары Иваново тоқыма институтының доценті. 1960-1968 жылдары - КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Математика институтының аға ғылыми қызметкері, Новосібір мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1968-1970 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы физика-математика бөлімшесінің академик хатшысы. 1970-1971 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Математика және механика институтының директоры. 1971-1990 жылдары КСРО Ғылым академиясының Математика институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.

Ғалымның негізгі еңбектері теориялық жиынтық топологиясына, үздіксіз бейнелеудің таралуына, борель жиынтығына, модельдер теориясына, эвклид кеңістігі элементтер теориясын зерттеуге, математикалық логикаға арналған.

Тайманов Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық логика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан. Ол оқытушылар мен студентерге арнап математикадан ғылыми семинарлар ұйымдастырып, математикалық конкурстар мен кештерді өткізуді енгізген. 1951 жылы тұңғыш рет республикада ғалымның ұсынысымен  оқушылардың қалалық және облыстық математикалық олимпиадалары ұйымдастырылған.

Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық ғылымды дамытуда көптеген еңбек сіңірді. Ғалымның бастамасымен Қазақ мемлекеттік университетінде (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) алгебра және математикалық логика кафедрасы, Математика және механика институтында алгебра және математикалық логика зертханасы мен қолданбалы бағыттағы зертханалар, Республикалық физика-математика мектебі ашылған. КСРО Оқу ағарту министрлігі жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңесі Президиумының мүшесі және көптеген ғылыми кеңестердің мүшесі болып сайланып, математикалық логикадан Бүкілодақтық конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі болған.

Асан Дабысұлы Тайманов Кеңес Одағы мен Қазақстан атынан Ниццада математика, Ганновердегі логика, әдістемелік және философия ғылымдары бойынша өткен Халықаралық конгресске, модельдер теориясы жөніндегі көптеген Халықаралық конференцияларға қатысқан. 1973-1984 жылдары үш дүркін шетел университеттеріне барып, математикадан дәрістер оқыған.

Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген

І дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, көптеген медальдармен және КСРО Оқу ағарту министрлігінің «КСРО оқу ағарту ісінің үздігі» құрметті белгісімен марапатталған.

Батыс Қазақстан облысында Асан Тайманов атындағы облыстық техникалық олимпиада өткізіліп келеді. Орал қаласындағы бір көшеге академиктің есімі берілген.

2010 жылдың 23 сәуірінде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Асан Дабысұлы Таймановты еске алуға арналған «Тайманов оқулары - 2010» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Жаданов Сабит Қайырұлы - 1931 жылы туған, мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі /1969/. Жалпақтал орта мектебін /1948 /, Мәскеу мемлекеттік экономика институтын бітірген /1953/, 1953-57 ж. Ресейдің Орлов облысы, Ливны қаласында «Ливгидромаш» зауытында экономист, цех бастығы,1957-58 ж. Қазақ ССР мемлекеттік жоспарлау комитеті электрлендіру және автоматтандыру бөлімінде аға экономист. Алматы қалалық, облыстық комсомол комитетінің І-хатшысы қызметтерін атқарған. Алматы «Эмальпосуда» зауытының директоры болған. Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитетінде халық шаруашылығын ағағ экономист, бөлім бастығы, Мәскеуде КСРО Министрлер кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары, тұрақты өкілі, КСРО Мемлекеттік статистика комитеті іс басқару бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1991 жылдан бастап зейнет демалысында. «Қазақстан коммерция» жоғарғы экономикалық ассоциациясының мәскеудегі тұрақты өкілі, Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. Еңбек қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдарымен марапатталған.

 

Набиуллин Жанғали 13 желтоқсан 1936 жылы  БҚО Жанақала ауданы «Жемісті» колхозында дүниеге келді. Жемісті бастауыш мектебінде оқып білім алып,  Ұялы жетіжылдық, С.М.Киров орта мектебінде, Фурманов орта мектебін аяқтады.

1960 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институнда жоғары білім алған.

Жазушы Жанғали Набиуллин 43 жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық баспасөз қызметінде үздіксіз қызмет еткен. Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстандық бөлімінде әдеби кеңесшісі қызметін атқарған. Бірінші шығармалары «Жас дәурен» ұжымдық жинағына еніп, «Жазушы» баспаханасында жарық көрді.

70-ге жуық туындының авторы. Көркем шығармалары: «Ақ жаңбыр» (1967ж.), «Таныс әуендер»(1968 ж.), «Ақ сөйле, жүрегім!» (1969 ж.), «Орда-қаһармандар қаласы» (1972 ж.), «Қасқағым» (1983 ж.), «Әнші жылдар» (1986 ж.), «Жоғары кернеу» (1989 ж.), «Жетінші перне» (1-том, 2001 ж.), «Жетінші перне» (2-том, 2001 ж.), «Жетінші перне» (3-том, 2003 ж.), «Жетінші перне» (4-том, 2003 ж.), «Жетінші перне» (5-том, 2005 ж.). Үздік шығармалары «Қазақ Совет поэзия антологиясына» енді.

1969 жылы Қазақ СССР және Қазақстан  жазушылар Одағының және Қазақстан  мүшесі. Жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Мақтау қағазымен» марапатталған.

Жыл адамы - 2006, «Қыран» белгісінің иегері.

Ғаббасов Энгельс 1937 жылы Фурманов ауылында дүниеге келген. Жазушы, филиология ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001 ж.) 1957 жылы Орал педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін, 1966 жылы Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімшесінің журналистика бөлімшесін бітірген. Ауылдық мектепте мұғалім, партия және қоғамдық ұйымдардың қызметкері болған. 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының және халықаралық «Пен-клуб» жазушылар ұйымының мүшесі. Екі рет ҚР Парламентінің депутаты болып сайланған (1994ж, 1997 ж.). батыс Қазақстан  өңіріндегі сынақ полигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыс жетекшісі. Шығармаларын орыс тілінде жазады. (Құрмет Белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Ғұмаров Сәкен Нәжімединұлы    1937 жылы туған- суретші, журналист. Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі / 1992/. Бала кезінен өнерге жақын болып, музыка, театр, би, пластикамен әуестенген. Кішкентайынан немере ағасы, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері Ғұмаров Мұқаметжан жетекшілік еткен Жалпақтал халық театрының сахнасына шығып, рөлдерде ойнаған. Орал  қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында актер болған./1957-58 / 1962-63 ж. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтында / ГИТИС, Москва/, 1964-65 ж. Ленинград музыка, театр және кинематография институтында /ЛГИТМИК/ оқып, авктерлік шеберлікті, режиссураны жете меңгерген. Орал қаласындағы жаңа ашылған облыстық телестудияның бас режиссері болған./1964 жыл/ Бірақ С.Ғұмаров жұртшылыққа суретшілік өнерімен танымал. Негізінен кескіндеме саласында жұмыс істеген. Шығармаларын абстракциялық әдіпте жазған. Суретшілік бағыты- поставангардизм. Шығармаларына еркіндік, мейірім мен жылылық, парасат пен білім, тарихи сана және отаншыл, ұлттық рух пен имандылық тән. Ғұмаров- «Түркілік», «Бағзы заман түркілері», «Күту», «Бастар мен денелер», «Туындылар» т.б. циклдер мен картиналардың, көптеген пейзаж, натюрморт, портрет, арабеска, сюжеттердің авторы. Суретшінің көрмелері 1986-95 ж. Алматыда, Оралда, Киевте, Мәскеуде, Екатеринбургте, Челябіде және Ресейдің бірнеше ірі қалаларында әлденеше рет  үлкен табыспен өтті.  Орал қаласында оның жеке сурет мұражайы ашылды/ 1996 жыл/ Онда суретшінің 200-дей картинасы қойылған.

 Болат Ғинаятұлы Молдашев  әркімнің қолы жете бермейтін жоғары оқу орнын бітіріп, еліміздің индустриялық дамуына аса қажет «Инженер-энергетик» мамандығын меңгеріп,  алдымен  Алматыда, соңынан Орал қаласында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Ол кезде бүкіл Одаққа әйгілі Ворошилов  атындағы заводта / қазіргі «Зенит» заводы/ бас инженер, стратегиялық маңызы бар «Омега» заводында көп жыл директор, Орал қаласының басшысы болып жауапты жұмыстар атқарды.Болаттың басшылығымен «Омега» заводы шығарған электронды аппаратура «Курск» сүңгуір қайығында ракетаны ұшыруға қондырылды. Ең маңызды құпия электронды аппаратура болып саналды. Орал қаласының құрметті азаматы. 2004 жылы құрметті зейнеткер болса да Батыс Қазақстан облысы аумағында «Таза су» мәселесін шешудің ғылыми-технологиялық зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген шағында кенеттен қайтыс болды.

Мукаев Ерболат Рахметұлы 1961 жылы 8 желтоқсанда БҚО  Фурманов ауданы, Фурманов ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1984 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірді.

1986  жылы Мәскеуде БЛКЖО ОК жанындағы   жоғары комсомол мектебін, 2004 жылы Батыс Қазақстан  инженерлік-технология университетін аяқтады.  ЖОО бітіргеннен кейін еңбек жолын Фурманов ауданының  Фурманов орта мектебінде  физика пәнінің мұғалімі болып бастады.

1990 жылы Фурманов аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланды.

1992-2007 жж дейін мына лауазымдарды атқарды:

-                     Жалпақтал ауданы әкімінің орынбасары.

-                     облыс әкімі апараты басшысының орынбасары-ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

-                     облыстық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары

-                     Орал қаласы әкімінің орынбасары

-                     2007 жылдың  қыркүйегінен  БҚО  әкімі апаратының басшысы.

-                     1991 жылдан ҚР Президентінің өкілетті мерзімін ұзарту туралы Референдумды,   ҚР Парламент сенаты мен Мәжілісінің депутаттары сайлауын өткізу кезінде сайлау штабының жұмысын үйлестіріп, өткізді.

-                     2004 жылдан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.

-                     2008 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Парламент Сенаты депутаты болып сайланған, Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.

2008 жылдың желтоқсан айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен  мемлекетке сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сонымен: бірге:

-                     «Маршал Жуков» медалімен,

-                     «Әскери комиссариаттарға-90жыл»,

-                     «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалдарымен

-                     «Мемлекеттік қызметке - 10 жыл» төс  белгісімен   марапатталды.

Ахметов Миргат Сисенгалиұлы 1964 жылы БҚО Фурманов ауылында дүниеге келген. 1985 жылы  Алматы ауыл шаруашылық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Фурманов ауданының атқарушы комитетінің қаржы бөлімінде бастады. 1988 жылы аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, аудандық Кеңес депутаты. 1991 жылы облыстық қаржы басқарма бастығының орынбасары. Кейін облыстық экономика комитетінің төрағасының бірінші орынбасары.

1992 жылы Батыс Қазақстан облыстық Туран-Банк басқармасының бастығы. 1997 жылдан бастап Бастыс Қазақстан облысындағы БанкТуранАлем ААҚ филиалының директоры.

М.С.Ахметов – банк жүйесінің үздігі, облыстық таэквондо федерациясының президенті.

2003 жылдан 2007 жылға дейін БҚО маслихат депутаты, қаржы бойынша тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

 

Темірсұлтанова Данагүл - 1965 жылы Фурманов ауылында туған, Фурманов Орта мектебін тәмәмдаған. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.. Білімі-жоғары, Алматы театр институтытын бітіргеннен кейін /1983-1988/, Алматы қаласында «Тамаша» ойын-сауық отауында қызмет атқарған. Бүгінде «Аққу-Гәкку» ойын –сауық отауын құрып, қызмет атқаруда.

 

 

 

Сагинов Замир Садықұлы

18 қазан 1966 жылы Жалпақтал ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Өскенмен жол-құрылыс инситутына түсіп, 1985 жылы  бітіріп шыққан. 1985-87 жылдары кеңес армиясы қатарында болған. 1990-94 жылдары Жалпақтал жол пайдалану бөлімінде жол шебері, прораб, бас инженер болды.  1994-2000 жылдар аралығында «Оралавтодор» мекемесінде бас маман, директордың орынбасары, бас инженері қызметтерін атқарды.

2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан автокөлік жолдары мекемесінің директоры.

2001-2002 жылдары БҚО-тық автокөлік жолдары басқармасының бастығы.

2002-2004 жылдары Казталов ауданының әкімі болды.

2005 жылдан ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде басшылық қызметтерде, 2007 жылдан Автожол комитетінің төрағасы қызметін атқарып келеді.

 

 

 

  Мектеп тынысы

  Бізбен байланыс

  Мемлекеттік сатып алу

 

Пайдаланылатын сайттар тізімі



http://www.ustaz.kz/

http://45minut.kz/

http://sabak.kz/

http://masterclassy.ru/

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           E-mail: moldashev_sosh@mail.ru

 

Используются технологии uCoz